Мейірімді қоғам

Париж-2024: Қазақстанда Олимпиада ойындарын қанша комментатор жүргізеді

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын Қазақстанда 26 комментатор жүргізеді.

Бұл туралы ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Олимпиаданы бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Олимпиаданы тұңғыш рет еліміздің бес бірдей телеарнасы көрсететіні туралы, сонымен қатар Парижден арнайы 21 журналист тікелей хабар таратаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығына белгіленген. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Exit mobile version