• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ТАНЫМ Eхро көрме орталығындағы мерекелік іс-шараға қоғам қайраткерлері қатысты
  • ТАНЫМ

Eхро көрме орталығындағы мерекелік іс-шараға қоғам қайраткерлері қатысты

By
Meirim Qogam
-
21.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Expo көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды. Салтанатты іс-шараға қоғам қайраткерлері де қатысты. Олардың бірі — Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңес мүшесі, Қазақстандағы тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов.

    “Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамының қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Expo көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін қарсы алу рәсіміне қатыстым.

    Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев былтырдан бастап мереке жаңа тұжырымдамаға сәйкес он күн бойы аталып өтетініне назар аударып, Наурызнаманың әр күні тағылымға толы екенін айтты.

    Оған қоса, Мемлекет басшысы биыл Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толатынын, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтенімізді баса айтты.

    «Біз «Заң мен тәртіп» қағидасы берік орныққан, әділетті, қауіпсіз, таза, мәдениетті және дамыған Қазақстанды міндетті түрде бірге құрамыз! Қазақстаннан басқа еліміз жоқ. Сондықтан бәріміз бір қоғам болып мемлекетімізді нығайтайық, дамытайық, көркейтейік» деді өз сөзінде Президент”, — деп атап өтті Акбаржон Исмаилов.

    Фото: Ақорда
    Фото: Акбаржон Исмаиловтың жеке мұрағатынан

     

     

     

     

     

    Post Views: 342
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Бірге тұрып жатырмыз»: Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекованың тойы қашан болатыны белгілі болды
      Next articleҚазақстан полициясында Наурыз есімді 119 сақшы қызмет етеді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК. ҚАЗАҚТАР ҰСТАНҒАН ТЫЙЫМДАР

      Meirim Qogam - 27.10.2025

      Ұлы көш – Отанға бастар жол (Көштің 35 жылдығына орай)

      Meirim Qogam - 13.10.2025

      Тарихымыз тереңде. Жәди Шәкенұлымен сұхбат

      Meirim Qogam - 10.10.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version