• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

By
Meirim Qogam
-
19.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 694,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 224,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 470,2 млрд теңге қарастырылды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 455 мың зейнеткер бар.

    «1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 800 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 96 117 теңге, базалық зейнетақы – 47 683 теңге.

    2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды», — делінген министрлік ақпаратында.

    Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

    1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-ынан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

    Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

    Post Views: 426
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleӘНГЕ САЛ, Есбол Мұратжанұлы
      Next article«Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРҒАНДАРҒА ҚАНДАЙ ЖАЗА БАР?

      Meirim Qogam - 24.04.2026

      ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР ҮШІН ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

      Meirim Qogam - 24.04.2026

      «БІЗ – КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ»: Тоқаев пен Хүрэлсүх шағын құрамда келіссөз...

      Meirim Qogam - 21.04.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version