• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды
  • БІЛІМ

Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

By
Meirim Qogam
-
17.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Наурыз айындағы ҰБТ-ның екі аптасында 54 мыңнан астам адам тест тапсырды. Шекті балды 67%-ға жуық талапкер жинады.

    Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 62 балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл – 139, оны Алматы қаласының талапкері жинады.

    Тестке қатысушылардың 67,4%-ы қазақ тілінде, 32,5%-ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,6%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14,7%-ы «Шығармашылық емтихан», 13,3% «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 65 адам тапсырған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 169 талапкер қатысты.

    Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

    Қазіргі таңда 57 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 26 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылды. Тестке басқа адамды кіргізу фактілері анықталған жоқ, — делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.

    Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

    Естеріңізге сала кетсек, наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

    Post Views: 306
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Тұрмысқа жүкті болып шықтым»: ұзатуда ашық образымен танылған блогер Найманбаева сырын ақтарды
      Next articleӘкесі 15 жастағы қызын күштеп күйеуге беріп жіберген
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Кәсіпкер ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллионды сыйға тартады

      Meirim Qogam - 13.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version