• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдағалы жатыр
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • САЯСАТ

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдағалы жатыр

By
Meirim Qogam
-
11.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат «АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану». Өйткені Ресей мен Беларусьті қоспағанда, Еуропа мен Еуразияның басқа елдері бұған дейін АҚШ-тың серіктестері саналып келді. Енді Трамп тізгіндеген Вашингтон Анкараны «АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет» деп есептейді.

     

    «Түркияның дипломатиялық қайта құрылуы туралы заң» деп аталған бастама Түркия республикасын АҚШ Мемлекеттік департаментінің (бізше Сыртқы істер министрлігінің) Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады. Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек», – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

    Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

    Айта кету керек, қазіргі кезде Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. Тек ядролық қаруы жоқ демесеңіз, армиясы, қару-жарағының, әскери техникасының, кемелерінің көлемі, сондай-ақ әлемнің әр елінде соғыс жүргізу тәжірибесі жөнінен НАТО-да Америкадан басқа бірде бір ел оның алдына түсе алмайды.

    «Түркия еуропашылдыққа шын берілген және бұл дау тудырмайтын тарихи, геостратегиялық факт болып табылады! НАТО-ның, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің, ЕҚЫҰ-ның қуатты мүшесі, Еуропалық Одақтың қауымдасқан мүшесі бола отырып, Түркия еуропалық институционалдық шеңбердің ажырамас бөлшегі саналады. Ол осы институттар ұсынатын әмбебап құндылықтарды қорғайды», – деді Fox News Digital-ға Түркияның АҚШ-тағы елшілігінің өкілі.

    Post Views: 499
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Рамазан сыйы»: 35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылды
      Next articleІЗДЕДІМ, Әділ Мәнкей ұлы
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version