• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

By
Meirim Qogam
-
08.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

    «Қымбатты ханымдар!

    Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

    Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға
    алтын әріппен жазылған.

    Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

    Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

    Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.

    Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін.

    Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!» — делінген Президент құттықтауында.

    Post Views: 806
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЖас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды
      Next articleӘсемхан Ғибадатқызының термесі біреу жүр
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕДІ: Несие, ипотека және депозитке не болады?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      САМОКАТ МІНГЕНДЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ: 1 шілдеден бастап не өзгереді?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?

      Meirim Qogam - 08.06.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version