• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР ІІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

ІІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті

By
Meirim Qogam
-
08.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ішкі істер министрлігінде салтанатты іс-шара өтті.

     

    Көктемнің шуақты мерекесімен нәзік жанды тәртіп сақшыларын Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов құттықтады.

    Бұл күн – мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың нышаны және әйелдерге деген шынайы құрметтің белгісі. Сіздер еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Бүгінде полиция мен Ұлттық ұланның қатарында 13 мыңнан артық әйел қызмет атқарады. Олардың 659-ы басшылық лауазымда. Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін! — деді министр.

    Бұл күні мінсіз қызметімен ерекшеленген, батылдығымен көзге түскен арулар марапатталды. Олардың қоғам мүддесі үшін атқарып жатқан қажырлы еңбектеріне құрмет көрсетілді.

    Полиция қызметкерлері ардақты аналары мен аяулы жарларына, әпке-қарындастары мен әріптестеріне сый көрсетіп, қуанышқа бөледі.

    Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Эстрада жұлдыздары ән шырқап, қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.

    Post Views: 296
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleТағы бір отандық әуе компания Наурыз айында қосымша рейстерді іске қосады
      Next articleАлматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version