• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданы бұрынғы уақыт белдеуіне көшті
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданы бұрынғы уақыт белдеуіне көшті

By
Meirim Qogam
-
05.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    5 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандары мен Самара ауданының тұрғындары жұмыс күнін бір сағат ерте бастайды.

     

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, жұмыс уақытын бір сағат бұрын ауыстыру идеясын барлық 28 ауылдық елді мекеннің тұрғыны яғни 18,4 мың адам қолдаған.

    Зайсан ауданында 33 елді мекен бар, онда 35 мыңнан астам адам тұрады. Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының айтуынша, уақытты өзгерту туралы ұсынысты халық қуана қолдаған.

    «Бұл шешімді қабылдамас бұрын әр ауылдық округте жиын өткіздік, тұрғындар бұл идеяны қолдады. Өйткені Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының шығыс шекарасына ең жақын орналасқандықтан, бұл жерде күн ертерек шығады. Сондықтан жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-де бітсе, балалармен уақыт өткізуге мүмкіндік болады», — деді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы.

    Оның айтуынша, бұл бастаманы халықтың бәрі, әсіресе, жұмыс күні дәстүр бойынша сағат 09:00-де басталатын мемлекеттік қызметкерлер қолдаған.

    «Аудан тұрғындары таңертең үй шаруасымен айналысатындықтан, ерте тұруға дағдыланған, енді жұмыстан ертерек қайтатын болады. Бұл біз үшін өте қолайлы», — деді Зайсан ауданының тұрғыны Ризабек Шәкенұлы.

    Зайсандықтардың түскі үзіліс уақыты 12:00-ден 13:30-ға дейін болады.

    Зайсан ауданында тоғыз әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде Зайсан қаласы, сегіз ауылдық округ, 33 елді мекен, 35 219 адам тұрады.

    Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді Үкіметтің қолдағанын мәлімдеген болатын.

    Post Views: 337
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды
      Next articleТөтенше жағдайлар министрлігі көктемге орай ескерту жариялады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ БАСТАЛАДЫ

      Meirim Qogam - 14.03.2026

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version