• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home СПОРТ Астаналық жас хоккейшілер беделді турнирде күміс жүлдеге ие болды
  • СПОРТ

Астаналық жас хоккейшілер беделді турнирде күміс жүлдеге ие болды

By
Meirim Qogam
-
05.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астаналық жас хоккейшілер командасы алғаш рет Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріне қатысып, AA-Elites (11-12 жас) санатында күміс жүлдегер атанды.

     

    65-ші халықаралық Pee-Wee хоккей турниріне 16 елден 120 үздік команда қатысты. Турнир Канаданың Квебек қаласында өтті.

    «Астана қаласында дайындалдық. Біз осы беделді турнир тарихына енгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл – біз үшін алғашқы тәжірибе және өз командамызбен мақтанамыз. Ең есте қалған сәт – финалдық ойын, оны 12 мың көрермен тамашалады», – деді команданың бас бапкері Владимир Захаров.

    Айта кетейік, бұл турнирге Астана қаласы әкімдігіне қарасты №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

    Канаданың Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирі 1960 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және 12 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады.

    Post Views: 313
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Үлкен бақыт»: Олимпиадада Қазақстанның туын ұстап шыққан тұңғыш спортшы Қайрат Биекеновпен сұхбат
      Next article«Үкімет жауапсыз құрылыс салушылардың тізімін жасауы керек» – Бақытжан Базарбек
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды

      Meirim Qogam - 30.03.2025

      Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

      Meirim Qogam - 27.03.2025

      Азия құрлығынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы әйел спортшы Надежда...

      Meirim Qogam - 26.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version