• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Елордалық мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру туралы республикалық конференция өтті
  • БІЛІМ

Елордалық мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру туралы республикалық конференция өтті

By
Meirim Qogam
-
04.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бүгін қалалық  білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және «Binom school» мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен практикасы» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

     

    Жиынға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы», Назарбаев университетінің оқытушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы», «Bilim land» ЖШС өкілдері және республиканың білім беру ұйымының педагогтері қатысты.

    Конференция барысында педагогтер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша өздерінің іс-тәжірибелерін бөлісті.

    Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта білім беру бөлімінің химия және биология пәндерінің әдіскері Шарипа Шакированың сөзінше, сандық технологиялар білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

    «Бүгінгі конференцияда сандық технологиялар бағдарламаларын пайдалана отырып, жаратылыстану сауаттылығын арттырудың практикалық негіздері айтылды. PISA TIMSS,  PIRLS  Халықаралық бағдарламалар тәжірибесіне негіздей отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру амалдары талқыланды. Сонымен қатар  сандық технологиялар негізінде математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығын  қалыптастыру практикасы туралы айтылды. Жалпы бүгінгі жиында көтерілген тақырыптар бойынша мұғалімдер өзара пікірталас ұйымдастырып, сандық технологияларды қолдану білім сапасын көтеруге мүмкіндік беретініне көз жеткізді»,- дейді Шарипа Шакирова.

    Post Views: 455
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтті
      Next article«Үлкен бақыт»: Олимпиадада Қазақстанның туын ұстап шыққан тұңғыш спортшы Қайрат Биекеновпен сұхбат
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ: Мұғалімдерге артық есеп жүктеуге тыйым салынады

      Meirim Qogam - 31.05.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК ТӘМАМДАҒАНДАРҒА ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛМЕК

      Meirim Qogam - 22.05.2026

      ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ: Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа...

      Meirim Qogam - 18.05.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version