• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ТАНЫМ Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
  • ТАНЫМ

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды

By
Meirim Qogam
-
04.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Анкарада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясындағы еске алу жылының ашылу рәсімі өтті.

    Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев, Анкара музыка және өнер университетінің ректоры, Түркі әлемі өнер университеттері кеңесінің басшысы Ерхан Өзден, Қазақстаннан арнайы келген өнерпаздар, дипломаттар, депутаттар мен қазақ диаспорасы қатысты.

    Ашылу салтанаты Анкараның атақты «Түркі әлемі» музыка тобының Н.Тілендиев шығармаларын орындауымен бастау алды. Одан әрі қонақтар композитордың фотокөрмесінің тұсауын кесіп, Н.Тілендиев мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Нұрмұхан Шаймерденов келген қонақтарға ұлы күйшінің өнер және өмір жолымен таныстырды.

    «Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы бізге тек өнердің биігін көрсетіп қана қоймай, еліміздің мәдениетіне және ұлттық бірегейлігіне деген сүйіспеншілікті арттырады. Оның елі үшін сіңірген еңбегі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз», — деді Е.Сәпиев өз сөзінде.

    ТҮРКСОЙ Бас хатшысы С.Раев Нұрғиса Тілендиевтің тек қазақ жұртына ғана емес бүкіл түркі әлеміне белгілі тұлға болғанын алға тартты.

    Қазақстаннан арнайы барған Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ақан Әбдуәли, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің күйшісі Арсен Тұрсын, Анкарадағы қазақ студенттерінен құралған «Отау» ансамблі композитордың керемет шығармаларын орындап, іс-шараға ерекше атмосфера сыйлады.

    Айта кетейік, 2023 жылы Әзербайжанда өткен ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің Мәдениет министрлерінің 40-шы тұрақты кеңесі қорытындысы бойынша 2025 жыл Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясындағы ұлы композиторды еске алу жылы болып жарияланған болатын.

    Post Views: 289
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«37 млрд теңге айыппұл келді»: қазақстандық желіде жан айқайын жеткізді
      Next articleАстанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК. ҚАЗАҚТАР ҰСТАНҒАН ТЫЙЫМДАР

      Meirim Qogam - 27.10.2025

      Ұлы көш – Отанға бастар жол (Көштің 35 жылдығына орай)

      Meirim Qogam - 13.10.2025

      Тарихымыз тереңде. Жәди Шәкенұлымен сұхбат

      Meirim Qogam - 10.10.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version