• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Энергетика министрлігі мен CNPC мұнай-газ саласындағы негізгі жобаларды талқылады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Энергетика министрлігі мен CNPC мұнай-газ саласындағы негізгі жобаларды талқылады

By
Meirim Qogam
-
02.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және QazaqGaz компанияларының өкілдері қатысты.

     

    Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар стратегиялық маңызды жобаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда мұнай өңдеу көлемін ұлғайту үшін маңызды жобалардың бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту, мұнай-газ химиясы саласының дамуы үшін маңызды «Карбамид» жобасы, сондай-ақ елдің газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар «МаңғыстауМұнайГаз» және «Өріктау» кен орындары бойынша келісімшарттарды ұзарту, сондай-ақ табиғи газды жеткізу және тасымалдау мәселелері қарастырылды.

    «Бұл жобаларды іске асыру Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Біз қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және бірлескен күш – жігермен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз»,-деп атап өтті Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға, қосымша техникалық консультациялар өткізуге және өзара тиімді жобаларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдарды келісуге уағдаласты.

    Post Views: 273
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕл спортшысы дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медальге ие болды
      Next article«Жүрегім қазақ деп соғады»: Қазақ тілін меңгерген астаналық кәріс жігіті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version