• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР «Ауызашарда дұғаны арабша жасау міндетті ме?» – Нұрлан имам жауабы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ауызашарда дұғаны арабша жасау міндетті ме?» – Нұрлан имам жауабы

By
Meirim Qogam
-
28.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы ертең, яғни наурыздың 1-іне басталады.

    Осы ретте ауызашарда дұғаны арабша жасау міндетті ме? Бұл сұраққа «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, желі қолданушыларының арасында «хит имам» атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы өзінің Instagram парақшасында жауап берді.

    «Ауызды бекітіп, ашқанда неге дұға оқимыз? Біріншіден, осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашқан кезде бір дұға қабыл болады деп келген. Сонда сол дұғам қабыл болар ма екен деп еліне, жақындарына, отбасына, отанына, баршамыз маңайымызға дұға жасайық.

    Өзіңіз ойлаңызшы, миллиондаған адамдар дұға жасаса, «көптің батасы – көл» демей ме қазақ халқы. Ал енді дұғаны арабша жасау міндетті емес. Біздің өзіміздің қиыры көрінбейтін, терең мағыналы, әр сөзінде нәрі мен нұры төгіліп тұратын тіліміз бар. Сол сөздерімізбен қазақша айта беріңіздер. Тілектеріңіз қабыл болсын! Бекіткен кезде ниетті жүректен жасаса жеткілікті, бірақ ауызбен айтқан сауапты болады», — дейді Нұрлан имам.

    Өз сұрақтарына жауап алған желі қолданушылары имамға алғыстарын жаудырып жатыр.

    «Ұлтымызды, тілімізді бұзбайтын осындай имамдар көп болсын. Алла разы болсын!», «Бәрекелді, өте дұрыс. Алла бәрімізді әртүрлі етіп, бөлек ұлт қылып жаратты. Сондықтан өз тілімізде дұға жасағанымыз дұрыс деп есептеймін», «Ия, қазақша айтсақ тілегіміз жүректен шығады ғой», «Осы кісіге Алла разы болсын, барлығын өте жақсы әрі жеңіл түсіндіреді», — деп жазды олар.

    Айта кетейік, биыл мұсылман күнтізбесі бойынша Рамазан айы 1 наурызда басталады. Наурыз айының 26-сынан 27-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз –Ораза айт мерекесі.

    Биыл пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

    Астана қаласына арналған 2025 жылдың ораза кестесі

    Post Views: 299
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады
      Next articleАстанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version