• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Есірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Есірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

By
Meirim Qogam
-
26.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Бас прокуратура ірі мөлшерде гашиш есірткісі мен мефедрон психотроп затының контрабандасы үшін Тәжікстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

    2022 жылы тамызда күдікті Қостанай облысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тыйым салынған заттарды тасымалдамақ болған кезде ұсталған.

    Күдіктінің жеке басын ескере отырып, тергеу органы оған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын таңдаған. Алайда ол бұл жағдайды пайдаланып, жауапкершіліктен құтылу үшін тергеуден жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

    «2024 жылы мамырда күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада.

    Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

    Post Views: 506
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанада Алғыс айту күнінде қандай мерекелік іс-шаралар өтеді
      Next articleТоқаев Ердоғанды туған күнімен құттықтады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕДІ: Несие, ипотека және депозитке не болады?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      САМОКАТ МІНГЕНДЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ: 1 шілдеден бастап не өзгереді?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?

      Meirim Qogam - 08.06.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version