• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада Алғыс айту күнінде қандай мерекелік іс-шаралар өтеді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТАНЫМ

Астанада Алғыс айту күнінде қандай мерекелік іс-шаралар өтеді

By
Meirim Qogam
-
25.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

     Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиғамен – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен есте қалмақ. Мерейлі датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралар өтеді.

     

    Мереке күндері мәдениет, спорт, білім беру ұйымдары, елордалық ҚХА және басқа да мекемелер қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі іс-шаралар дайындап отыр. Алғыс айту күніне орай Астанада салт-дәстүрлер мен алғыс айтудың түрлі тәсілдерін дамытуға бағытталған тақырыптық көрмелер, балалар мен оқушыларға арналған тәрбие сағаттары өтіп жатыр. Жалпы, жоспарланған іс-шаралардың барлығы қоғамның тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде топтасуына, ел бірлігі мен патриотизмнің нығаюына ықпал етеді.
    27 ақпанда Amanat партиясы мен астаналық ҚХА ерікті жастар ұйымдары дәстүр бойынша қарт кісілерге көмек көрсетіп, аулаларының қарын күрейді.

    Дәл осы күні Қарттар үйінде ҚХА-ның дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтеді. Жұртшылық үшін концерт ұйымдастырылып, этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарынан дәм татады.

    Сондай-ақ 27 ақпанда елордадағы №43 мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Бірлік пен ынтымақтастыққа – 30 жыл» атты қайырымдылық акциясы өтеді.

    28 ақпанда қала мектептерінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» тақырыптық сынып сағаттары өтеді. Наурыз бойы мектептерде ардагерлермен және ҚХА белсенділерімен кездесулер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

    1 наурызда елордадағы салтанатты шаралар маңызды оқиғадан басталады: Достық үйінде ҚХА мерейтойына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» мемориалдық тақтасының ашылу салтанаты болады. Одан кейін халықаралық дөңгелек үстел өтеді, оның барысында Ассамблеяның мерейтойына орай Қазақстан Президентінің құттықтау сөзі оқылады. Бұл шара ҚХА-ның 30 жылдығына арналған жылдың ресми бастамасы болмақ.

    Одан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне барады, онда салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
    Сонымен қатар әлеуметтік желілерде түрлі этностардың жастардың құттықтаулары бар видео-челлендж бастау алады.

    Тағы бір маңызды іс-шара – халықтың мұқтаж топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы.

    Дәл осы күні, 1 наурызда Достық үйінде шығармашылық топтардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Балаларға мерекелік дастархан ұйымдастырылады.

    Post Views: 308
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚалаулымды жүргізген Диана Скатова сүйіктісін көпшілікке көрсетті
      Next articleЕсірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version