• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР «Жас Түркістан» журналының 12 томдығының таныстырылымы өтті
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТАНЫМ

«Жас Түркістан» журналының 12 томдығының таныстырылымы өтті

By
Meirim Qogam
-
19.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Елордада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жас Түркістан» журналының 12 томдығы таныстырылды.

     

    Көптомдық Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді.

    Таныстырылымға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы, академик Диқан Қамзабекұлы, «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетінің профессоры, «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір, тарихшы Қойшығара Салғараұлы, Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің өкілдері мен ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметкерлері, шоқайтанушы және алаштанушы ғалымдар, ЖОО-ның магистранттары мен студенттері қатысты.

    «Жас Түркістан» журналы 1929-1939 жылдар аралығында Париж қаласында жарияланып келген. Журналдың негізін қалаушы және редакторы – Мұстафа Шоқай. Журнал Польша президенті Маршал Пилсудский құрған «Прометей» қоры тарапынан қаржыландырылған. 1939 жылдың тамызына дейін журналдың 117 саны жарық көріп, ІІ дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты шығарылуы тоқтатылды.

    «Жас Түркістан» журналы Түркістан аймағының әлеуметтік-саяси жағдайын зерттеуге, түркі халықтарының тәуелсіздігі мен бірлігін насихаттауға, олардың мәселелерін халықаралық қауымдастыққа жеткізуге бағытталған. Журналда саяси шолулар, тарихи зерттеулер, әдеби шығармалар, пікірталас мақалалар мен шетелдік ақпараттар бөлімдері болды. Мұстафа Шоқай өз мақалаларында түркі халықтарының мәселелерін тереңірек қарастырып, стратегиялық-идеологиялық бағыттар ұсынған.

    «Жас Түркістан» журналының авторлары мен редколлегия мүшелері Түркістаннан шыққан эмигрант зиялылар қауымы болған. Атап айтқанда, журнал Мұстафа Шоқай, Зәки Уәлиди Тоған, Тахир Шағатай, Айбек Серғазиев, Абдурахман Чолпан, Мир Якуб Дәулет, Абдурахман Ходжаев, т.б. танымал қайраткерлер мен ғалымдардың басын біріктірді.

    Post Views: 327
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПрезидент Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
      Next articleАрақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай ала ма
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version