• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Президент Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • САЯСАТ

Президент Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

By
Meirim Qogam
-
19.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады. 

     

    Президент марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігінің арасында берік серіктестік қатынастар орнағанын, Король ІІ Абдалланың қазақ-иордан байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

    «Ұлы Мәртебелі Королдің айнымас ниетінің арқасында біз экономика мен инвестициялық ықпалдастықтан бастап мәдени және білім салаларына дейін өзара мүддемізге сай келетін ынтымақтастығымызды нығайттық. Аса көрнекті мемлекет қайраткері, бейбітшіліктің қорғаны әрі даналықтың үлгісі ретінде Сіздің ісіңіз әлемдегі көп адамға жігер береді. Қазақстан халқы Сізді ерекше құрметтейді. Иорданияның тек серіктес қана емес, нағыз достас ел екенін мақтан тұтамыз. Ұлы Мәртебелі Королдің байыпты басшылығымен Иордания өңірдегі тұрақтылықты, дінаралық диалогты және гуманитарлық қызметті ілгерілетуде шешуші рөл атқарып отыр. Бұл құндылықтар Қазақстанның бейбітшілікті, толеранттылық пен дипломатияны жақтайтын ұстанымына сай келеді. Сіздің зор күш-жігеріңіз бен ұдайы қолдауыңыздың арқасында біз өзара ынтымақтастығымыздың келешегіне зор үмітпен қараймыз», – деді Мемлекет басшысы.

    Король II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік марапатына лайық көргені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.

    Post Views: 464
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАтырауда​ ит аулайтын мекеме табылмай жатыр
      Next article«Жас Түркістан» журналының 12 томдығының таныстырылымы өтті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕДІ: Несие, ипотека және депозитке не болады?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      САМОКАТ МІНГЕНДЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ: 1 шілдеден бастап не өзгереді?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?

      Meirim Qogam - 08.06.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version