• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Елордалық мектепті жөндеу мәселелері мәслихат төрағасының жеке бақылауына алынды
  • БІЛІМ

Елордалық мектепті жөндеу мәселелері мәслихат төрағасының жеке бақылауына алынды

By
Meirim Qogam
-
07.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат «Байқоңыр» ауданында орналасқан №23 орта мектептің жөндеу мәселелерін жеке бақылауына алды.

     

    «Бүгін әріптестеріммен бірге Құрылыс басқармасының басшысы, Білім басқармасы басшысының орынбасары және аудан әкімдігінің өкілдерімен №23 мектепте кездесіп, «Байқоңыр» ауданының белсенді тұрғындары Қарлығаш Нәбиуллина және Тілектес Тіленовамен мектеп мәселесін талқыладық.

    Жұмыстарды үйлестіру бойынша ортақ шешімдер қабылданып, техникалық сараптаманы жедел жүргізу бойынша жауапты органдар белгіленді. Сонымен қатар мектепті барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын тезірек бастау мәселелері қаралды. Бұл мәселе жеке бақылауыма алынды», — деп жазды Зейнұлқабден Табиғат.

    Фото: instagram.com/tzeinulkabden

    Айта кетейік, 2021 жылы елорданың «Байқоңыр» ауданында орналасқан №23 орта мектепке ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін білім беру мекемесінде түрлі құрылыс ақаулары мен кемшіліктер анықтала бастады. Ең маңызды мәселелердің бірі – шатырдан судың ағуы және ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарының сапасыз орындалуы болды.

    Post Views: 441
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleКөкшетауда ерлі-зайыпты өздерімен бірге тұратын әйелді жезөкшелікке салған
      Next articleДәрігерден 9 кеңес: Оразада қалай тамақтану керек
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БІЛІМ БЕРУДЕГІ РЕФОРМА: Педагог біліктілігі енді қалай бағаланады?

      Meirim Qogam - 13.04.2026

      ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫМБАТТАДЫ

      Meirim Qogam - 08.04.2026

      САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР “СӨЙЛЕСЕ” АЛАДЫ: ғалымдар ақпарат алмасу механизмін анықтады

      Meirim Qogam - 04.04.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version