Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қырғызстан әнұранын жаңарту үшін республикалық байқау өткізуді жоспарлады

Қырғызстан әнұранын жаңарту үшін республикалық байқау өткізуді жоспарлады

0

Қырғызстанда әнұранды жаңарту үшін елдің мәдениет министрлігі республикалық байқау өткізуді жоспарлап отыр.

Басылымның жазуынша, бұл туралы ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысында елдің мәдениет министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиев мәлімдеген.

Байқаудың мақсаты – Қырғызстанның тарихи мұрасын мәдениетін және халық бірлігін насихаттайтын шығарма әзірлеу. Сәйкесінше, байқау әнұранның әні мен сөзіне қатар өткізіледі.

«Оған елдің сазгерлері, ақындары, музыканттары және шығармашылық ұжымдары қатыса алады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, әнұранды жаңарту туралы Қырғызстан парламентінің төрағасы Нұрланбек Шакиев бастама көтерген болатын.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version