• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты
  • БІЛІМ

Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты

By
Meirim Qogam
-
06.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бүгін Астана қаласы білім басқармасының мамандары мектепке дейінгі ұйымдарда енгізілген ваучерлік қаржыландыру бойынша Абай және Павлодар облыстарынан келген делегация өкілдерімен өз тәжірибесін бөлісті.

     

    Елордада мектепке дейінгі ұйымдар биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесіне ресми түрде көшті. Жыл басынан бері 2200 орынға ваучер беріліп, оның 1222-сі ваучерлік қаржыландыруды қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымдарға тіркелді.

    Қалалық білім басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, бұл жүйе – мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты бөлудің жаңа, ашық әрі тиімді тәсілі.

    Кездесу барысында ваучерлік қаржыландырудың негізгі бағыттары, оның білім беру жүйесіне тигізетін оң әсері және ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар үшін тиімді тұстары талқыланды. Делегация өкілдері жаңа жүйеге көшу кезінде туындайтын сұрақтарын қойып, жауап алды.

    Ваучерлік қаржыландыру жүйесі ата-аналарға балабақшаны таңдау еркіндігін ұсыну арқылы білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, мектепке дейінгі мекемелер арасында бәсекелестік қалыптастыруға және мемлекеттік қаржыны бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Бұл тәжірибе алмасу басқа өңірлерге ваучерлік қаржыландыру жүйесін тиімді енгізуге көмектесіп, мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа бастамалардың табысты жүзеге асуына ықпал етуді көздейді.

    «Бүгін Астана қаласына Абай және Павлодар облыстарынан ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу мақсатында делегация тобы келді. Елордада  2025 жылдың қаңтар айында бұл жүйе енгізілгендіктен, біз өз тәжірибемізді бөлістік», — деді қаладағы №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Мөлдір Айтқалиқызы.

    Post Views: 312
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанада Дархан Қыдырәлінің жаңа тарихи кітаптарының таныстырылымы өтті
      Next articleГрузия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version