• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР SWAT Challenge-2025: Қазақстанның арнайы жасағы үздік ондыққа кірді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

SWAT Challenge-2025: Қазақстанның арнайы жасағы үздік ондыққа кірді

By
Meirim Qogam
-
06.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Қазақстан Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері UAE SWAT Challenge-2025-те үздік ондыққа кірді.

     

    1-5 ақпан аралығында Дубайда (БАӘ) UAE SWAT Challenge-2025 алтыншы жыл сайынғы халықаралық тактикалық жарысы өтті, оған әлемнің түрлі елдерінен арнайы бөлімшелердің 100-ден астам командасы қатысты.

    Беделді турнирге  ІІМ Ұлттық ұланының үш командасы қатысты.

    Бес күн бойы арнайы күштердің жауынгерлері нақты жауынгерлік операцияларды модельдейтін ең қиын сынақтарды жеңе отырып, күш, төзімділік және тактикалық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша «Ұлттық ұлан» командасы қазақстандық әскери қызметшілерді даярлаудың жоғары деңгейін растай отырып, әлемдегі ең мықты командалардың ондығына кірді.

    Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелерінің «Сұңқар» командасы жүлдегерлер үштігіне кіріп, 2 орын алды.

    UAE SWAT Challenge арнайы күштер олимпиадасы болып саналады, онда арнайы күштердің үздік жауынгерлері іс-әрекеттің дәлдігі, жылдамдығы, тактикасы мен үйлесімділігі бойынша бақ сынайды.

    Турнирдің басты мақсаты — элиталық бөлімшелердің жауынгерлік тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

    Post Views: 519
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордада Astana Winter Triathlon жарысы өтеді
      Next articleАстанада Дархан Қыдырәлінің жаңа тарихи кітаптарының таныстырылымы өтті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕДІ: Несие, ипотека және депозитке не болады?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      САМОКАТ МІНГЕНДЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ: 1 шілдеден бастап не өзгереді?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?

      Meirim Qogam - 08.06.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version