• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен креативті индустриялар саммитіне қатысты
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен креативті индустриялар саммитіне қатысты

By
Meirim Qogam
-
05.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бүгін Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне қатысты.

     

    Алаң Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка және 2025 жылдан бастап ұйымның серіктес елдерінің бірі болатын Қазақстан өкілдерін біріктірді.

    Саммит аясында «Жаһандық трансформация кезеңіндегі креативті индустриялар» атты пленарлық отырыс өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты.

    Ол әріптестеріне Қазақстанда креативті индустриялардың дамуы мен бұл секторды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол БРИКС аясындағы ынтымақтастық креативті экономиканы одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

    Қазақстандық делегация құрамында креативті секторды қадағалайтын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен креативті хабтардың басшылары да болды.

    Халықаралық кездесудің мақсаты – креативті сектордың экономикалық әлеуетін талқылау және дамыту, нетворкинг пен тәжірибе алмасу. Бұл бағыттарға сәулет және урбанистика, IT, кино, видео және фотография, музыка, дизайн және сән, заманауи өнер кіреді.

    Post Views: 255
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПавлодарда зейнеткердің өт жолдарынан 60-қа жуық тас алынды
      Next articleҚазақстан құрамасы керлингтен алғашқы жеңісіне қол жеткізді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version