• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанадағы зәулім сарай бас имамға тиесілі ме
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТАНЫМ

Астанадағы зәулім сарай бас имамға тиесілі ме

By
Meirim Qogam
-
04.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Астана қаласының бас имамы тұрады деген зәулім үйдің видеосы тараған болатын. Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлімдеме жасап, бұл жалған ақпарат екенін айтқан еді. Күні кеше елорда төріндегі зәулім сарайдың иесі табылды.

     

    Халыққа видеоүндеу жазған ер адам зәулім сарай Астананың бас имамы емес, өзінікі екенін және аты-жөні Нұрлан Леспекұлы екенін айтқан.

    «Мен, Нұрлан Леспекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желілерде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Бұл – жалған ақпарат. Мен Нұрлан Леспекұлы осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын, өзім салып, өзім кіргемін», — дейді Нұрлан Леспекұлы.

    Бұл адам да дін қызметінен алыс болмай шықты. Ашық дереккөздерден анықтағанымыз, бұл кісінің толық аты-жөні Алжанқұлов Нұрлан Леспекұлы. Ол – «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдігінің экс-директоры.

    Дәл қашан тағайындалғаны туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ мүфтияттың ресми сайтында 2016 жылы 14 қаңтарда шыққан мақалада Алжанқұлов Нұрлан Леспекұлының «Зекет» қорының Астана қаласындағы өкілдік директоры екені анық жазылған.

    Сондай-ақ Нұрлан Леспекұлы Жамбыл облысындағы «Кеңескен қажы Ахаев» атындағы мешіттің құрлысына ақша берген.

    Post Views: 330
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚазақстан мен Әзербайжан қорғаныс саласы бойынша бірқатар келісімге келді
      Next articleСҚО-да полицейлер бір аптада марихуана өсіретін үш зертхананы анықтады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version