• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР «Мыңжылдық аллеясы» халықаралық The Pineapples Awards премиясының шорт-листі қатарына енді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мыңжылдық аллеясы» халықаралық The Pineapples Awards премиясының шорт-листі қатарына енді

By
Meirim Qogam
-
02.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ландшафттық бас жоспар «Мыңжылдық аллеясы» International Future Place номинациясы бойынша The Pineapples Awards 2025 беделді сәулет премиясына ұсынылды.

     

    Астана қаласы Урбанистика орталығының мәліметінше, бұл марапат ыңғайлы, тұрақты және инновациялық қалалық кеңістіктерді құруға бағытталған озық урбанистикалық жобаларды атап өтеді.

    The Pineapples Awards – қала құрылысы, сәулет және ландшафт дизайны саласындағы әлемдегі жетекші марапаттардың бірі. Шорт-листке ену – біздің маңызды жетістігіміз, өйткені жобалар саладағы жетекші сарапшылардан құралған беделді халықаралық қазылар алқасы тарапынан бағаланады.

    International Future Place номинациясындағы финалистер:

    -Найроби орталық вокзалы, Кения

    —«Мыңжылдық аллеясы», Астана, Қазақстан

    -Дэвид Кромби саябағын жандандыру, Торонто, Канада

    -Даунсвью құрылыс жоспары, Торонто, Канада

    Жоба аясында 1020 гектар аумақты қамтитын ландшафттық бас жоспар әзірленді. Оның негізгі элементі – ені 80 метр, ұзындығы 4 км болатын желілік парк, ол «Қазақ елі» алаңы мен «Нұрлы жол» вокзалын байланыстырады.

    Жоба экологиялық тұрақтылық, жаяу жүргіншілерге жайлылық және қалалық ландшафтқа интеграция қағидаларына негізделе отырып жасалған. Кешенді жоспарлау аясында автономды дренаж жүйесін құру, жасыл аймақтарды көбейту және ыңғайлы жаяу жүргінші бағыттарын қалыптастыру басты назарда болды.

    Конкурстың финалы 2025 жылы 25-27 ақпанда өтеді, сол кезде жеңімпаздар жарияланады. Шорт-листке ену – жобаның маңыздылығын мойындаудың белгісі және тұрақты әрі ыңғайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған заманауи қағидаттардың халықаралық кәсіби қауымдастық тарапынан қолдау тауып, болашақ қала құрылысына бағдар бола алатынын көрсетеді.

    Жобаны «Астанагенплан» Урбанистика орталығы және «LDA Design» бірлесіп әзірлеген.

    Post Views: 282
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАтырау облысында полиция қызметкері өртеніп жатқан үйдегі 70 жастағы ер адамды құтқарды
      Next articleАнастасия Городко Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version