Бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста қаны қазақ боксшылар да қатысып, жүлделі орыннан көрінді.
Жарысқа қатысқан 15 қазақ боксшысы арасынан 6-ауы жүлделі орыннан көрінді. 63,5 келі салмақта Руслан Абдуллаев жарыс жеңімпазы атанды. Ал 60 келі салмақта Мадияр Данияров топ жарды.
Финалға шыққан Мадияр Сайдрахимов (92 келі) пен Арман Маханов (+92 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Саят Ілиясов (54 келі) пен Сабыржан Тастанов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.