Home ЖАҢАЛЫҚТАР Еуропада Coca-Cola сусындары дүкен сөрелерінен алынып тасталады

Еуропада Coca-Cola сусындары дүкен сөрелерінен алынып тасталады

0

Қараша айының соңынан бастап өндірілген Coca-Cola, Sprite, Fanta, Мinute Maid, Nalu және Tropico газдалған сусындары Бельгия, Люксембург және Нидерланды дүкендері сөрелерінен алынады.

328G-ден 338C-ге дейінгі өндірістік кодтары бар сусындар партиясында хлораттың жоғары мөлшері табылған. Хлорат дезинфекциялау құралдарында қолданылса да, өндіруші онда тұрған елеулі қауіп жоқ деп сендіреді.

«Тәуелсіз сараптамалық талдау анықталған химиялық заттың мөлшері тұтынушылар үшін төндіретін қаупі өте төмен деген қорытынды жасады», — делінген хабарламада.

Алайда өндірушіге қатысы жоқ сарапшылар хлораттың жоғары концентрациясы денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін деп сендіреді. Бұл зат, әсіресе, балаларда қалқанша безінің ауруларын тудыруы кәдік.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version