• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынады
  • БІЛІМ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынады

By
Meirim Qogam
-
26.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді.

     

     «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы облыс әкімдері орынбасарлары, білім басқармалары басшылары, орталық мемлекеттік органдардың және құрылыс операторы «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүруде. Оның аясында 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа форматтағы мектеп салу жоспарланған.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру барысында білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған. Басты талаптардың бірі — қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын күшейту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету.

    Кеңес қорытындысы бойынша министр нысандардың сапалы құрылысын және олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге тапсырма берді.

    Post Views: 281
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанада 9 мың қаңғыбас ит пен мысыққа микрочип салынды
      Next articleАстанада букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version