• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада 9 мың қаңғыбас ит пен мысыққа микрочип салынды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 9 мың қаңғыбас ит пен мысыққа микрочип салынды

By
Meirim Qogam
-
26.01.2025
0
Facebook
X
Pinterest
WhatsApp

    Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңғыбас иттермен күрес және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтылды.

    Былтыр елордада  9 мың қаңғыбас ит пен мысыққа микрочип салынды. Бұл жануарлардың мәліметтері «Tanba» үй жануарларын тіркеудің бірыңғай базасында тіркеліп, питомникке тапсырылады.

    Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Самат Абдуллиннің айтуынша, микрочип жануарларды идентификациялауға, олардың денсаулығын бақылауға және үй жануарларын ұрлаудың алдын алуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар ол қаңғыбас жануарлардың санын реттеу үшін биыл 5 мың ит пен мысықты стерилизациялау жоспарланғанын жеткізіді.

    «Осы жылы 5 000 жануарды стерилизациялау жоспарланған, оның 3 мыңы ит, 2 мыңы мысық. Бұл шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және Астанадағы қаңғыбас жануарлар санын азайтуға мүмкіндік береді», — деді Самат Абдуллин.

    Post Views: 499
    Facebook
    X
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАлдаудың жоғары технологиясы: Алаяқтар жасанды интеллектті қалай пайдаланады
      Next article«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Астана тұрғындарына газдан улану мен өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді

      Meirim Qogam - 09.11.2026

      В Астане усилили профилактику пожаров в жилых домах перед отопительным сезоном

      Meirim Qogam - 06.11.2026

      «Таза Қазақстан»: Астанада оқушылар экологиялық викторинаға қатысты

      Meirim Qogam - 29.09.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version