• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Астанада балаларды дамытуға арналған жаңа орталық ашылды
  • БІЛІМ

Астанада балаларды дамытуға арналған жаңа орталық ашылды

By
Meirim Qogam
-
25.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бүгін елорданың «Пригородный» тұрғын алабында 3-10 жас аралығындағы балаларды білім мен өнерге баулитын жаңа орталық ашылды.

    «AQYL Education» дамыту орталығында 10 жасқа дейінгі балалар базалық дағдылар мен шахмат, робототехника және ағылшын тілін тегін үйренетін болады.

    «Бұл — әр балаға өз талантын ашуға және болашағы үшін маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін заманауи білім беру кеңістігі. Ұстаздарымыз балалармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар. Олар әр оқушының қабілет-дарынын танып, оны дамытуға және оқыту процесін қызықты етуге бар күшін салады. Әр бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып жасалады. Кең, қауіпсіз және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу сыныптары балалардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын», — дейді «AQYL Education» балаларды дамыту орталығының директоры Гүлжан Орманова.

    Мұнда 2 ауысымға 150 бала қабылданады. Мектепке даярлық тобынан бастап, оқушыларға арналған ұзартылған топ жұмыс істейді. Бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесі, ойлау мен шағын моториканы дамыту сабақтары өткізіледі. Бұған қоса балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін логопед мамандар және психологтар көмек көрсетеді. Ал бастауыш сынып оқушылары үшін шахмат, ағылшын тілі мен робототехника оқытылады.

    Орталық басшысы Гүлжан Орманова «Даму» бағдарламасы арқылы балаларға тегін қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

    «Балалардың тегін білім алуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан «Даму» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ата-аналарға қаржылық жүктемені азайтып, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді», — деп қорытындылады ол.

    Орталықтың ашылу рәсіміне келген қонақтардың бірі Әлия Әшірбаева балалардың бос уақытын тиімді өткізетін орынның болғанын құптайды.

    «Кішкентайларымыз әріп танып, сауат ашып, мектепке жақсы дайындықпен баратын орталықтың ашылғанын құптаймын. Оқушылар да бос уақытын ұялы телефонға телмірумен өткізгенше, өнер мен білім үйрегені жақсы», — дейді Пригородный тұрғын алабының тұрғыны Әлия Әшірбаева.

    Post Views: 280
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleAI Skills Accelerator for Girls: Астанада жасанды интеллектті үйрететін воркшоп өтеді
      Next articleЕлордалық полицейлер заңсыз жұмыс істеген цехтан 22 тонна ет тәркіледі
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version