• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Елімізде тағы бір жол ақылы болады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде тағы бір жол ақылы болады

By
Meirim Qogam
-
22.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    26 қаңтардан бастап Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады.

     

    «Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігінің 2025 жылғы 9-қаңтардағы № 6 Бұйрығына сәйкес, Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылады», — делінген хабарламада.

    Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самара) — Шымкент» автожолының «Қызылорда-Арал» учаскесінде 6 бақылау арка және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және т. б. тіркейді.

    Сондай-ақ, учаскедегі жағдайды kaztoll.kz сайтындағы «Онлайн трансляция» бөлімінде көруге болады.

    «Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады», — деп жазылған хабарламада.

    Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.

    Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, компания төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береді.

     

    Post Views: 314
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕртең елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
      Next articleЖанарбек Әшімжанов: Көркемдік-сараптамалық кеңес құру керек
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version