• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
  • БІЛІМ

Мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

By
Meirim Qogam
-
20.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    2025 жылдың қаңтар айынан бастап мектептер мен колледждерде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп «111» байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін арнайы QR-кодтар енгізілді. Бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді.

     

    Енді «111» нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, балалар мен олардың ата-аналары QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады. Олар барлық білім беру ұйымдарында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ автобус аялдамаларында орналасқан. Аталған жаңалық көмек алудың қолайлылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    «Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, ал енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, оны неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді етеді. QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді, бұл балалардың сауалдары мен мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша «111» байланыс орталығына балалардан 1 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Оларға анықтамалық ақпарат беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта уақытылы көмек ұйымдастырылды.

    Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы қабылдаған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң аясында «111» байланыс орталығының қызметі бекітілген болатын.

    Post Views: 390
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс жолдады
      Next articleАстанадан қыс басталғалы 3,5 миллион текше метр қар шығарылды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БІЛІМ БЕРУДЕГІ РЕФОРМА: Педагог біліктілігі енді қалай бағаланады?

      Meirim Qogam - 13.04.2026

      ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫМБАТТАДЫ

      Meirim Qogam - 08.04.2026

      САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР “СӨЙЛЕСЕ” АЛАДЫ: ғалымдар ақпарат алмасу механизмін анықтады

      Meirim Qogam - 04.04.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version