• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Қаңтар айындағы ҰБТ: 71 оқушының нәтижесі жойылды
  • БІЛІМ

Қаңтар айындағы ҰБТ: 71 оқушының нәтижесі жойылды

By
Meirim Qogam
-
20.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 31 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 60%-ға жуық талапкер жинады.

     

    Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 136, оны Түркістан облысының оқушысы жинады.

    Тестке қатысушылардың 69,3%-ы қазақ тілінде, 30,6%-ы орыс тілінде, 27 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

    Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,2%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 13,5%-ы «Биология-Химия», 13,3% «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 55 адам тапсырған.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 101 талапкер қатысты.

    Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

    «Қазіргі таңда 71 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 37 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 34 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ», — делінген хабарламада.

    Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

    Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

    Post Views: 334
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleГран-при: Қазақстандық балуан қыздар екі алтын медаль еншіледі
      Next articleҚазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс жолдады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version