• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home СПОРТ Қазақстандық оқушылар XXI халықаралық Жәутіков олимпиадасында 116 медаль жеңіп алды
  • СПОРТ

Қазақстандық оқушылар XXI халықаралық Жәутіков олимпиадасында 116 медаль жеңіп алды

By
Meirim Qogam
-
18.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астанада математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың XXI халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. Олимпиадаға 15 елден келген 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысты.

     

    Олимпиада қатысушылары мен қонақтарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтады.

    «Бүгін білім беру жүйесі үшін айтулы күн. Осымен 21 жыл қатарынан көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Жәутіковтің атындағы бұл олимпиада талантты математиктердің тұтас буынын қалыптастырып келеді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы жүздеген дарынды оқушыларды біріктіріп, білімдерін көрсететін және қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыратын алаңға айналды. Қатысушылардың әрқайсысы математика мен физика, информатика секілді іргелі ғылымдардан лайықты нәтижелер көрсетіп, бүгін өз елінің туын әлемдік аренада абыроймен көтерді», – деді министр қатысушыларға арнаған сөзінде.

    XXI халықаралық Жәутіков олимпиадасында барлығы 318 медаль сарапқа салынды: 69 алтын, 100 күміс және 149 қола.

    Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атағын Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы №239 Президенттік физика-математика лицейі иеленді.

    «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында I орынды Мәскеу қаласындағы В.Овчинников атындағы «Екінші мектеп» лицейі жеңіп алды. Екінші орынды Сербияның Белград қаласындағы Математикалық гимназиясы мен Ресей Федерациясының Долгопрудный қаласындағы П.Капица атындағы «Физтех лицейі» өзара бөлісті. Қазақстандық оқушылар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі құрамында үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар үшінші орынды Мәскеудегі «Воробьевы горы» лицейі мен Түркияның Тубитак ғылыми мектебі бөлісті.

    Қазақстандық оқушылар барлығы 116 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 21 алтын, 33 күміс және 62 қола медаль бар.

    Олимпиада қатысушыларына Нұрлан Қаппаров атындағы қордың арнайы сыйлықтары мен әр пән бойынша арнайы жүлделер табысталды. Гран-при иегерлеріне кубокпен ноутбуктер табысталды. Барлық жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

    Post Views: 266
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа — 20 жыл
      Next articleЗиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген 13 мыңнан астам адамға арнайы төлем тағайындалды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды

      Meirim Qogam - 30.03.2025

      Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

      Meirim Qogam - 27.03.2025

      Азия құрлығынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы әйел спортшы Надежда...

      Meirim Qogam - 26.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version