• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Былтыр елордада өзгенің мүлкін бүлдірген 300-ден астам бұзақы жазаланды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Былтыр елордада өзгенің мүлкін бүлдірген 300-ден астам бұзақы жазаланды

By
Meirim Qogam
-
17.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астанада вандализм және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерімен күресу бойынша қарқынды және күшейтілген жұмыстар жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала басшылығымен бірлесе отырып, осындай заң бұзушыларды анықтауға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізіп жатыр.

     

    «2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам бұзақылық оқиғасы анықталды. 2025 жылы жыл басынан 393 мың 200 теңгені құрайтын 10 факті тіркелді.

    Бұзақылық жасағаны үшін 337 азамат жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды.

    Барлық құқық бұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

    Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұзақылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салынып, өтемақы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін.

    Полицейлер қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Акцияның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайды тоқтату және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

    Айта кетейік, бұзақылықтың алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура және полиция бөлімімен келісе отырып жүргізіліп жатыр.

    Post Views: 297
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleӘлия Юсупова көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
      Next articleӘмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлының қарсыластары анықталды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version