• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
  • БІЛІМ

Биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады

By
Meirim Qogam
-
15.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты.

     

    Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады.

    «Негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сондай-ақ кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

    Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді.

    Post Views: 428
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleБүгін Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
      Next articleМемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ: Мұғалімдерге артық есеп жүктеуге тыйым салынады

      Meirim Qogam - 31.05.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК ТӘМАМДАҒАНДАРҒА ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛМЕК

      Meirim Qogam - 22.05.2026

      ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ: Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа...

      Meirim Qogam - 18.05.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version