• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Елордада қар күреуге 2 300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада қар күреуге 2 300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды

By
Meirim Qogam
-
14.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астананы қардан тазарту бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс жалғасуда. 14 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2 300-ге жуық жол жұмысшысы мен 1 300-ден астам арнайы техника шықты.

     

    13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні қаладан 2 458 ауыр жүк рейсімен 33 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

    Қыс мезгілі басталғалы қаладан 3 093 354 текше метрден астам қар шамамен 245 132 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

    Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

    Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

    Айта кетейік, қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

    Post Views: 303
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleМедицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесіне өзгерістер енгізілді
      Next articleМемлекет басшысы Хорватия Президентін қайта сайлануымен құттықтады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version