• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home СПОРТ Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
  • СПОРТ

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді

By
Meirim Qogam
-
12.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

     

    Фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.

    Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

    Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.

    Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді.

    Post Views: 283
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
      Next articleМедицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесіне өзгерістер енгізілді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды

      Meirim Qogam - 30.03.2025

      Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

      Meirim Qogam - 27.03.2025

      Азия құрлығынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы әйел спортшы Надежда...

      Meirim Qogam - 26.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version