• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home СПОРТ Астанада жаңа жылдың алғашқы жүгіру жарысы өтті
  • СПОРТ

Астанада жаңа жылдың алғашқы жүгіру жарысы өтті

By
Meirim Qogam
-
11.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Жексенбінің таңында қала тұрғындары Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды.

     

    Бұқаралық спорттың арасында танымалдылыққа ие жүгіруден 2025 жылдың бірінші жүгірісі ұйымдастырылды. Бүгінгі шарада 600-ге жуық қатысушы бас қосты.

    «Жүгіру — ешқандай мезгіл таңдамайтын спорттың түрі. Былтыр аязды күнде де, түнде де, мейрамдарда да ұйымдастырылған сәтте жүгірушілердің қарасы өте көп болған еді. Бүгінгі спорттық шарамызда қатысушыларға керемет атмосферадан бөлек, арнайы жаңа естелік медаль мен жаңа жылдық сыйлықтарымызды да үлестірдік. Әрбір салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға алғысымыз шексіз», — деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.

    Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 8-де және ең егдесі 62 жаста болды.

    «Күнделікті ақпараттарға көз жүгірткен сәтте үнемі түрлі экзотикалық аурулардың пайда болып жататынына куә боламыз. Жүгіру — ауруға қарсы ем. Кейінгі 4 жылда спортты қолға алып, жүгіру, дуатлон, триатлон, үстел теннисі, велотректен өтетін барлық шараларды құр жібермеймін. Осының нәтижесінде 76 медаль еншілеп, үлкен жастағы азаматтардың бірлестігін құрдық. Көп жағдайда зейнетке шыққан тұрғындар белсенділікті азайтады. Менің мақсатым — қатарластарым мен немерелеріме үлгі болу. Қазіргі сәтте екі немерем де менен қалыспай, спортқа бет бұрды», — деп Марат Баукенов атты қатысушы ойымен бөлісті.

    Шара соңында қатысушылар естелік медаль мен сыйлықтарға ие болды.

    Post Views: 305
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПрезидент белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айтты
      Next articleАлдағы күндері ауа райы қандай болады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды

      Meirim Qogam - 30.03.2025

      Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

      Meirim Qogam - 27.03.2025

      Азия құрлығынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы әйел спортшы Надежда...

      Meirim Qogam - 26.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version