• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ 1200-ден астам оқушы роботтар фестиваліне қатысты
  • БІЛІМ

1200-ден астам оқушы роботтар фестиваліне қатысты

By
Meirim Qogam
-
10.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Қаскелеңде Daryn FIRST Championship роботтар фестивалі өтті.

     

    Бұл фестиваль Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, USTEM Foundation қоғамдық қоры және SDU университетінің ұйымдастыруымен өтті. Оған Қазақстанның мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 1200-ден астам оқушы қатысты.

    Екі күн бойы 4-18 жас аралығындағы қатысушылар инженерия, бағдарламалау және робототехника саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетті. Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санатын қамтыды: FIRST LEGO League Discover, FIRST LEGO League Explore, FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge. Фестиваль қорытындысы бойынша 32 команда ақпан айында Алматыда өтетін Central Asia FIRST Championship 2025 чемпионатына қатысу квоталарын жеңіп алды.

     «Балалардың күрделі инженерлік тапсырмаларды үлкен ынтамен шешкенін көру — біз үшін үлкен қуаныш. Бұл фестиваль тек жарыс қана емес, оқушыларға өз таланттарын көрсетуге және болашақ жобаларға жаңа идеялар табуға мүмкіндік беретін алаң», деді «Дарын» РҒПО бөлім басшысы Сайран Бақтияр.

    Post Views: 296
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПрезидент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
      Next articleБылтыр тіс дәрігерлері 56 миллиард теңгеден астам табыс тапқан
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version