• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Оқушылардың дұрыс тамақтануының перспективалық мәзірі әзірленді
  • БІЛІМ

Оқушылардың дұрыс тамақтануының перспективалық мәзірі әзірленді

By
Meirim Qogam
-
09.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мектепте дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында жетекші бейінді сарапшылармен бірлесіп, білім беру ұйымдарына арналған Үлгілік перспективалық мәзірді әзірледі.

    Мәзір қауіпсіз, теңдестірілген және ғылыми негізделген, балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған, онда жас ерекшелік санаттары, маусымдылығы, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген.

    Мәзірде ДДҰ-ның семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша ұсыныстары ескерілген. Мысалы, балалар тәулік бойы болатын ұйымдар үшін қант мөлшері 6-10 жас ерекшелік тобында – 55 г-нан 15 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 70 г-нан 21 г-ға дейін, яғни 3,3-3,6 есе азайды. Тұз 6-10 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 3 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 4,5 г-ға дейін, яғни 3,3-5 есе азайды, — делінген комитет хабарламасында.

    Ақпаратқа қарағанда, негізгі мәзірге ет, балық және көкөніс тағамдары, жаңа піскен көкөністен жасалған салаттар және қант мөлшері аз сусындар кіреді.

    Балалардың өсуі мен дамуы, сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін рационға майы аз сүт, пробиотиктері бар сүт қышқылы өнімдері кіреді және көкөністер мен жемістердің көлемі арттырылған.

    Post Views: 397
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article2025 жылы мемлекет тағы 2 млн га жерді қайтарып алады
      Next articleАстанада қолында ойыншық қаруы бар жасөспірім ұсталды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БІЛІМ БЕРУДЕГІ РЕФОРМА: Педагог біліктілігі енді қалай бағаланады?

      Meirim Qogam - 13.04.2026

      ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТАМАҚТАНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫМБАТТАДЫ

      Meirim Qogam - 08.04.2026

      САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР “СӨЙЛЕСЕ” АЛАДЫ: ғалымдар ақпарат алмасу механизмін анықтады

      Meirim Qogam - 04.04.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version