• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Елордада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды
  • БІЛІМ
  • ТАНЫМ

Елордада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды

By
Meirim Qogam
-
07.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ұлттық академиялық кітапханасында «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды.

     

    Жылдың басында дәстүрлі ұйымдастырылатын көрмеге биыл мерейтойлары аталып өтетін тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың, қазақтан шыққан белгілі мемлекет және қоғам қайраткелерінің архив шежірелері, құжаттары, фотолары, еңбектері, кітаптары мен құнды туындылары қойылды.

    Биыл елімізде бірқатар айтулы шаралар жоспарланып отыр. Осыны негізге алған көрме бес бөлімнен тұрады:

    «Қазақ хандығына 560 жыл» – тақырыптық көрмеде 100-ден астам кітап және мерзімді басылым материалдары ұсынылған;

    «Ұлы Жеңіске 80 жыл» – бөлімде әскери тақырыпқа қатысты кітаптардан бөлек, сұрапыл соғыстан сыр шертетін құжаттар беріліп отыр;

    «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» – елдің конституциялық құрылымының дамуы туралы материалдар;

    «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» – Ассамблеяның қызметі туралы, оның елдегі бейбітшілік, келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызы, Қазақстанның заманауи бірегейлігін қалыптастырудағы этномәдени әртүрліліктің рөлі туралы соңғы жылдары жарияланған баспа өнімдері, тың деректі материалдар қамтылған;

    «Тұғыры биік тұлғалар» – Қазақстанның танымал тарихи тұлғаларының мерейтойларына орай олардың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған 500-ден аса кітап, естеліктер, фото-суреттер, нақылсөздер мен дәйексөздер қойылған.

    Post Views: 275
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлде тамақ жеткізу қызметіне қойылатын жаңа талаптар бекітілді
      Next articleПрезидент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК. ҚАЗАҚТАР ҰСТАНҒАН ТЫЙЫМДАР

      Meirim Qogam - 27.10.2025

      Ұлы көш – Отанға бастар жол (Көштің 35 жылдығына орай)

      Meirim Qogam - 13.10.2025

      Тарихымыз тереңде. Жәди Шәкенұлымен сұхбат

      Meirim Qogam - 10.10.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version