• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Елде тамақ жеткізу қызметіне қойылатын жаңа талаптар бекітілді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Елде тамақ жеткізу қызметіне қойылатын жаңа талаптар бекітілді

By
Meirim Qogam
-
07.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Сауда және интеграция министрлігіТехникалық реттеу және метрология комитеті ҚР СТ 3988-2024 «Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» құжатын бекітті, ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

     

    Стандартты СИМ Сауда комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірледі.

    «Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі, тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады және Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді», — деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

    Мысалы, стандартқа сәйкес курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуға тиіс және олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.

    Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тапсырыста көрсетілген орын бойынша тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуге тиіс.

    Қабылданған стандарт мейрамханалардың, кафелердің, логистикалық компаниялардың және курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруға арналған.

     

    Post Views: 314
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПолицейлер жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады
      Next articleЕлордада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      FORBES МИЛЛИАРДЕРЛЕР ТІЗІМІНЕ ҚАЗАҚСТАННАН ТАҒЫ ЕКІ КӘСІПКЕР ЕНДІ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version