• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астаналық сарбаздар Жаңа жылды қарсы алды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Астаналық сарбаздар Жаңа жылды қарсы алды

By
Meirim Qogam
-
01.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов елордалық жедел бригадаға барды.

     

    Қайрат Жарылқасынұлы Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен кезекші ауысымды, оқу пунктінің әскери қызметшілерін, ішкі қарауыл құрамын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін әскери жасақтарды келе жатқан 2025 жылмен құттықтады.

    «Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің және өз атымнан сіздерді Жаңа 2025 жылмен құттықтаймын. Біз болашаққа сеніммен қараймыз және жақсы үміт күтеміз. Жаңа жыл бізге қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді жүктейді. Барша жеке құрамға антына адалдығы мен әскери борышына деген жауапкершілігі үшін алғыс айтамын. Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, қызметте табыс пен амандық тілеймін», — деді генерал-майор Қайрат Үмбетов.

    Сапар барысында Бас қолбасшының орынбасары сарбаздардың қызметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысып, әскери қызметшілердің кәсібилігін, тәртібін және мерекелік іс-шараларға дайындықтарын жоғары бағалады. Ол өз ісіне адал ұландықтарға мақтанышын білдіріп, олардың кәсіби деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

    Құттықтау аясында генерал-майор Қайрат Үмбетов елорда көшелерінде қызмет атқарып жүрген патрульдеуші әскери жасақтарды да аралап, оларға грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыстады.

    Post Views: 253
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleМемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
      Next articleҚаңтар айынан бастап мобильді ақша аударымдарына шектеу қойылады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version