• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Жаңа жыл күні жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түскен
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жыл күні жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түскен

By
Meirim Qogam
-
01.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бұл туралы Денсаулық сақтауминистрлігі мәлімдеді.

     

    «Өткен жылдың желтоқсан айының соңғы тәулігінде еліміз бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 27 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1 — 3-санатына тиесілі, 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам рет шақыртуға шықты. Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматыда – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күнінде жедел жәрдем қызметіне  1942 шақырту түскен», — деп жазылған хабарламада.

    Биыл соңғы 11 айда Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7, 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті, оның ішінде 1-3-санат — 4,9 млн.шақыртуға және 4-санаттағы 2,8 млн. шақыртуға емханалардың жанындағы бригадалар қызмет көрсетті.

    Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.

    Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.

    Post Views: 247
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПрезидент атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
      Next articleАстанада жаңа жыл түнінде 10 сәби дүниеге келді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version