• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Ұшақ апаты: Қара жәшіктер Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұшақ апаты: Қара жәшіктер Бразилиядағы орталыққа жіберіледі

By
Meirim Qogam
-
30.12.2024
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ақтаудағы Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия апат болған ұшақтардың қара жәшіктерін Бразилиядағы орталыққа жіберу туралы шешім қабылдады.

     

    Көлік министрлігі Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайтынын еске салды.

    Ал Қазақстан бұл конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады.

    «Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады», — деп жазылған мәліметте.

    Ведомство CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылғанын, тиісті құралдармен жабдықталғанын және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екенін алға тартты.

    Бұл мәселе мемлекет басшысының жеке бақылауында.

    Post Views: 316
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚазақстанда ғылыми зерттеулермен айналысатын ұйымдар саны артты
      Next articleПрезидент ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған қазақстандықтарды марапаттады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      FORBES МИЛЛИАРДЕРЛЕР ТІЗІМІНЕ ҚАЗАҚСТАННАН ТАҒЫ ЕКІ КӘСІПКЕР ЕНДІ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version