Home ЖАҢАЛЫҚТАР Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

0

Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады.

21 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік батыс циклоны әсер етеді. Қар жауып, боран соғады және жел күшейеді.

Еліміздің батысында 23 желтоқсанда жаңбыр, қар жауады және көктайғақ болады.

21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар түседі.

23 желтоқсанға қарай Батыс антициклоны көшіп еліміздің оңтүстігінде күн ашық болады. Температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version