Оқыс оқиға кеше түстен кейін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылына жақын жерде, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының бойында болған.
«Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады», — деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменінен.
Айта кетейік, жол апатында Volvo мен Toyota Alphard көлігі бір-біріне соғылған.