Home ЖАҢАЛЫҚТАР Атырау облысында киік қырылып жатыр

Атырау облысында киік қырылып жатыр

0

Атырау облысының Құрманғазы ауданында киік қырылып жатыр.

Құрманғазы ауданы әкімдігі пастереллез ауруы киіктің қырылуына себеп болғанын мәлімдеді.

Қазан айында белгісіз аурудан өлген киіктердің өлексесі табылған. Осыған байланысты далалық киіктердің ішкі органдары мен қан сынамасынан сынамалар алынып, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» зерттеу орталығына жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша өлген киіктерден пастереллез ауруы анықталды.

Құрманғазы ауданы әкімдігі киік өлексесін жинау және залалсыздандыру жұмыстарын «Охотзоопром» ӨБ РМҚК ұйымдастырып отырғанын хабарлады. Қарашада екі рет рейд жүргізіліп, Сүйіндік және Азғыр округтері далалығынан 84 киіктің өлексесі жиналып, жойылған. Жануарлардың өлексесі табылған жерге дезинфекция жасалды. Сүйіндік округі әкімдігінің мәліметінше, бүгінде ірі қараға пастереллез ауруына байланысты екпе жүргізіп жатыр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version