Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.
Дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды
Екі күнге жоспарланған осы жылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын топқа түсті.
Айтыс қорытындысымен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Гран-приге ие болып, оған «Алтын домбыра» мен автокөлік табысталды.
Бірінші орынды Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), екінші орынды Айым Асылбекқызы (Алматы), үшінші орынды Өміржан Көпбосын (Ұлытау), Дидар Қами (Қарағанды) және Аспанбек Шұғатай (Павлодар) иеленді.
Ал басқа қатысушылар арнайы жүлдемен марапатталды.