• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқи алады
  • БІЛІМ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқи алады

By
Meirim Qogam
-
07.12.2024
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың үшінші легіне өтінімдер қабылдап жатыр.

     

    Tomorrow School жасанды интеллект саласындағы білімді тереңдетудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Қатысушылар алдын ала бағдарламалау тәжірибесін қажет етпейтін тең дәрежелі жүйеге негізделген 01 Edu платформасында оқи алады. Студенттер бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI-инженері, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, толық стек-әзірлеушісі, мобильді қосымшалар әзірлеуші, DevOps инженері, IT жүйелерінің архитекторы, киберқауіпсіздік маманы және видеойындар әзірлеуші бар.

    Tomorrow School-да білім алу ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ, оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген. Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында соңғы үлгідегі iMac компьютерлерінде оффлайн форматта тегін оқиды. Мектеп тәулік бойы жұмыс істейді, яғни студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құра алады.

    Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді. Іріктеу барысында жоғары нәтиже көрсеткен аймақ студенттерінде негізгі оқу кезеңінде Астанада тұру үшін жеңілдетілген арнайы мүмкіндік бар.

    Аталған курсқа 18 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады. 2025 жылдың 17 қаңтарына дейін қабылданады.

    Post Views: 421
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleLRT құрылысы: Елордада жарты шақырым рельс төселді
      Next articleАстанада криптовалютаны 7 млрд теңгеге заңсыз ауыстырғандар сотталды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕДІ: Несие, ипотека және депозитке не болады?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      САМОКАТ МІНГЕНДЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ: 1 шілдеден бастап не өзгереді?

      Meirim Qogam - 12.06.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?

      Meirim Qogam - 08.06.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version